Bugin

"YPO Forum Shymkent: Жаңа шындықтағы Бизнес" атты бизнес-форумы өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 2021 жылдың 18 қарашасында сағат 09:30-да Rixos Khadisha Hotel (Желтоқсан, 17) қонақ үйінде "YPO Forum Shymkent: Жаңа шындықтағы Бизнес" атты үшінші бизнес-форумы өтеді. 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

YPO (Young Presidents Organization) – әр елде өз бөлімшелері/чаптерлері бар бизнесмендердің жабық халықаралық клубы. Жалпы, әлемде клубтың 25 мың табысты басшылары немесе бизнес басқарушы мүшелері бар. Жаһандық бизнес-нетворкингке ұйым мүшелерінің келісімімен ғана қатысуға болады. Қазақстанда YPO құрамына 34 кәсіпкер кіреді, олардың жалпы келісімімен чаптер жаңа мүшелермен толықтырыла алады. 

 Форумның спикерлері және жас кәсіпкерлердің тәлімгерлері, YPO клубына мүше қазақстандық алты жетекші бизнесмен қатысады: "Chocofamily" интернет-холдингінің Бақылаушы кеңесінің негізін қалаушы және төрағасы Рамиль Мухоряпов, "tan Media Group" қожайыны  және "31 арна" ТРК, сондай-ақ Қазақстанның басқа да тәуелсіз БАҚ негізін қалаушы - Арманжан Байтасов, Bilim Media Group компаниясының негізін қалаушысы және басшысы Рауан Кенжеханұлы, "Freedom Holding Corp" жария компаниясының бас атқарушы директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов,
"Alageum Electric" компаниялар желісінің басшысы  Еркебұлан Ілиясов, Қазақстандық  "BI Group" ірі құрылыс компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев.

Осылайша, қалыптасқан табысты бизнес республикадағы кәсіпкерлікті дамытуға, салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, өз ісін жаңа бастаған жас қазақстандықтарды қолдауға және ынталандыруға өз үлесін қосады. Спикерлер жетістіктің құпияларымен, практикалық кейстермен және біздің елімізде бизнес жүргізу бойынша кеңестерімен бөліседі.

Алдағы форум туралы ақпарат жұмыс істеп тұрған бизнес иелері мен стартаперлер арасында ғана емес, кәсіпкерлік саласында өз әлеуетін іске асыру  мақсаты бар жастар арасында да қызығушылық туғызды. 

Қатысу үшін мына сайтқа тіркелу керек: www.sbf2021.kz