Bugin

Ресей нөмірі бар автокөліктер себепсіз тоқтатылмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгіннен бастап Ресей нөмірі бар автокөліктер себепсіз тоқтатылмайды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бүгіннен бастап жол қозғалысы ережелерін бұзбаған ресейлік автокөліктер тоқтатылмайды. Бұл туралы көлік иелерімен кездесуде әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді.

Бүгін бірнеше көлік иесі мен тиісті сала мамандары арасында кездесуі болды. Жиында тараптар осындай шешімге келді. Тек көлік иелеріне қойылатын талап, олар жол ережесін бұзбаулары керек. Ал тәртіп бұзылған жағдайда, заң шеңберінде шаралар қолданылады.

Егер полиция қызметкерлері көлікті еш себепсіз тоқтатса, "102" қызметіне немесе +7-708-382-13-76, 7172-71-69-77, 7172-67-75-75 нөмірлері бойынша Call-орталықтарға қоңырау шалуға болады.