Қоғам
ҚР Жоғарғы сотына жаңадан сайланған судья ант адал қызмет етуге ант берді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайланған жаңа судья ант берді.
"Өз міндеттерімді адал және абыройлы атқаруға, сот төрелігінің ҚР Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып, жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым міндеттегендей бейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант етемін!" – деп ант берді жаңадан сайланған судья Сенатта.