Bugin

«А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ-да 200-ші бауыр трансплантациясы жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 200-ші бауыр трансплантациясы жасалды. Аутоиммунды гепатиттің салдарынан туындаған бауыр циррозы бар 20 жастағы реципиентке туған інісі донор болып, өз бауырының бөлігін берді.

«А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ-да бауыр трансплантациясы бағдарламасы 10 жыл бұрын 2011 жылы басталған болатын. Осы кезең ішінде 140 ересек науқасқа тірі туыстық донор, 36 балаға тірі туыстық донор және 24 науқасқа мәйіттік донордан бауыр трансплантациясы орындалды.

200 бауыр трансплантациясынан соңғы 5 жыл ішінде 134 бауыр ауыстыру отасы (67%) жүзеге асырылды, бұл динамикадағы көрсеткіштің артқанын көрсетеді. Ағымдағы жылы тірі туыстық донордан 13, мәйіттік донордан 2 бауыр трансплантациясы және 7 балаға бауыр фрагментін ауыстыру отасы жасалды. Бүгінгі таңда «А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО» АҚ – Қазақстан Республикасындағы бауыр трансплантациясы бойынша жетекші орталық. Орталық мамандары реципиенттерді емдеу жөніндегі клиникалық хаттамаларды әзірлеп, Республикамыздағы басқа клиникалардың мамандарына жүйелі түрде бауыр трансплантациясы бойынша білім беріп, тәжірибе алмасады, сондай-ақ оқу-әдістемелік нұсқаулықтар шығарумен айналысады. ҰҒХО дәрігерлері трансплантология саласына арналған отандық және халықаралық конференцияларға қатысып, біліктіліктерін арттырып отырады. Қазіргі уақытта бауыр трансплантациясынан кейінгі өміршеңдік көрсеткіші 5 жылдық  - 74.3%, 10 жылдық 71.7%-ды құрайды.

А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО базасында бауыр трансплантациясын енгізуге және дамытуға шетелдік әріптестер өз үлестерін қосты: Беларусь (О.О. Руммо) – тірі туыстық донордан бауыр трансплантациясы, Үндістан (Субаш Гупта) – ересектерге және балаларға тірі туыстық донордан бауыр трансплантациясы, Жапония (Сусуми Эгучи) – тірі туыстық донордан бауыр трансплантациясы, Оңтүстік Корея (Lee S.G.) – екі тірі туыстық донордан (Dual Graft) бауыр трансплантациясы.