Қоғам
Қазақстанда жеті ақылы жол учаскесінде жүру тарифтері түпкілікті бекітілді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Қазавтожолдың» хабарлауынша, Қазақстанда 15 қарашада тас жолдың жеті учаскесі ақылы болады.
Олар:
Нұр-Сұлтан – Павлодар,
Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке дейін),
Щучинск – Көкшетау,
Қапшағай – Талдықорған,
Шымкент – Тараз,
Тараз – Қайнар,
Шымкент – Қызылорда.
Тариф көлік түріне және маршруттың ұзақтығына байланысты болады. Жол ақысын интернет-банкинг, төлем терминалдары, сондай-ақ SMS арқылы төлеуге болады.
Ақылы жолға жақын ауылдарда тұратын жергілікті жүргізушілер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Олар өз көлігіне жылдық жазылымды сатып ала алады, жазылу құны 1000 теңге. Оны алу үшін жүргізуші ақы алу пунктіндегі «Қазавтожол» өкіліне хабарласып, көліктің тіркеу куәлігі мен жеке куәлігін көрсетуі қажет.
Ал жол жүру ақысына келер болсақ,
Шымкент – Қызылорда, ұзындығы 446,5 км.
жеңіл көлік – 440 теңге;
16 орындық автобустар/жүк көліктері (жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін) – 2 190 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) – 4 430 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (10 тоннаға дейін) – 6 630 теңге;
Жүк көліктері (10 тоннадан 15 тоннаға дейін) – 8 860 теңге;
Жүк көліктері (15 тоннадан жоғары), оның ішінде тіркемелер, жүк көлігі тракторлары – 11 050 теңге.
Нұр-Сұлтан – Павлодар, ұзындығы 375 км:
жеңіл көлік – 380 теңге;
16 орындық автобустар/жүк көліктері (2,5 тоннаға дейін) – 1 860 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) – 3 730 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (10 тоннаға дейін) – 5 600 теңге;
Жүк көліктері (10 тоннадан 15 тоннаға дейін) – 7 470 теңге;
Жүк көліктері (15 тоннадан жоғары), оның ішінде тіркемелер, жүк көлігі тракторлары – 9 340 теңге.
Тараз – Қайнар, ұзындығы 237,5 км:
жеңіл көлік – 240 теңге;
16 орындық автобустар/жүк көліктері (2,5 тоннаға дейін) – 1 180 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) – 2 380 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (10 тоннаға дейін) – 3 560 теңге;
Жүк көліктері (10 тоннадан 15 тоннаға дейін) – 4 750 теңге;
Жүк көліктері (15 тоннадан жоғары), тіркемелерді, жүк тракторларын қосқанда – 5 940 теңге.
Қапшағай – Талдықорған ұзындығы 186 км:
жеңіл көлік – 190 теңге;
16 орындық автобустар/жүк көліктері (2,5 тоннаға дейін) – 940 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) – 1 860 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (10 тоннаға дейін) – 2 790 теңге;
Жүк көліктері (10 тоннадан 15 тоннаға дейін) – 3 730 теңге;
Жүк көліктері (15 тоннадан жоғары), тіркемелерді, жүк тракторларын қосқанда – 4 660 теңге.
Шымкент – Тараз, ұзындығы 89,3 км:
жеңіл көлік – 90 теңге;
16 орындық автобустар/жүк көліктері (2,5 тоннаға дейін) – 430 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) – 880 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (10 тоннаға дейін) – 1 310 теңге;
Жүк көліктері (10 тоннадан 15 тоннаға дейін) – 1 760 теңге;
Жүк көліктері (15 тоннадан жоғары), тіркемелерді, жүк тракторларын қосқанда – 2190 теңге.
Шымкент – Өзбекстанмен шекарасы (Ташкентке дейін), ұзындығы 84 км:
жеңіл көлік – 90 теңге;
16 орындық автобустар/жүк көліктері (2,5 тоннаға дейін) – 420 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) – 840 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (10 тоннаға дейін) – 1 260 теңге;
Жүк көліктері (10 тоннадан 15 тоннаға дейін) – 1 680 теңге;
Жүк көліктері (15 тоннадан жоғары), тіркемелерді, жүк тракторларын қосқанда – 2100 теңге.
Щучинск – Көкшетау ұзындығы, 60,7 км:
Жеңіл көлік – 60 теңге
16 орындық автобустар/жүк көліктері (2,5 тоннаға дейін) – 300 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (5,5 тоннаға дейін) – 600 теңге;
32 орындық автобустар/жүк көліктері (10 тоннаға дейін) – 900 теңге;
Жүк көліктері (10 тоннадан 15 тоннаға дейін) – 1 200 теңге;
Жүк көліктері (15 тоннадан жоғары), тіркемелерді, жүк тракторларын қосқанда – 1500 теңге
Айта кетерлік жайт, бүкіл бағыт бойынша жол жүру ақысы бір бағытта ғана есептеледі.