Қоғам

Сотталған әйел 10 кітап оқығаны үшін, бостандыққа шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды облысында бес жылға сотталған келіншек он кітап оқығаны үшін екі жылдан соң бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті «Шексіз кітап оқу» атты ерекше жобаны қолға алған болатын. Аталмыш жоба бойынша сотталғандар кітап оқып, оның мазмұнын айтып берсе жеңілдікке ие болады.

Бұл жобаға салық төлеуден жалтарғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған Лидия есімді келіншек те қатысып, сәтті өтті. Сол үшін оны мерзімінен бұрын бостандыққа шығарды.

«Ол алдымен бірнеше көркем әдебиетті оқып шықты да, мазмұнын айтып берді. Сол үшін марапат алды. Одан кейін тағы бірнеше кітапты оқып шыққан. Оған да ынталандыру берілді. Сөйтіп, 10 кітапты оқып шыққаны үшін екі мәрте көзге түсті. Осылайша, Лидияны мерзімінен бұрын босатуға шешім қабылданды», - дейді АК-159/9 мекемесі бастығының орынбасары Нәзира Қадырова.