COVID-19
Елімізде 22 қарашадан бастап қайта вакцинациялау басталады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ревакцинация кезінде адамдарға екпенің тек бір дозасы егіледі.
Спутник V вакцинасын салдырғандар 9 айдан кейін инактивтелген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе Pfizer вакцинасын ала алады.
Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in вакцинасы егілгендерге 6 айдан соң векторлық Спутник V немесе м-РНК-вакцина (Pfizer) салынады.
Pfizer салғызғандарға 6 айдан кейін инактивтелген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе векторлық Спутник вакцинасын қайта салу ұсынылады.