Bugin
Қазақстанда 2022 жылы "Тұран" еркін экономикалық аймағы ашылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұл аймақ қарқынды даму мен экономикалық тұрғыда өсу аймағына айналмақ.
Келесі жылы Қазақстанда "Тұран" еркін экономикалық аймағы ашылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 11 қарашада Түркия және Түркітілдес елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған халықаралық конференция кезінде мәлімдеді.
- Келесі жылы Қазақстанда "Тұран" еркін экономикалық аймағы ашылатынын атап өткім келеді. Бұл аймақ технологиялық өндірісті жолға қоюда бірегей мүмкіндіктерге ие болатын, қарқынды даму мен экономикалық тұрғыда өсу аймағына айналады, – деді министр.
Айта кететін жайт, бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында Түркия және Түркітілдес елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған халықаралық конференция басталды. Жиынға Түркітілдес елдердің сауда және экономика министрлері қатысуда. Сондай-ақ елдердің инвестицияға, кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, ірі кәсіпкерлер мен инвесторлар келген.
Шара барысында түркітілдес елдер арасындағы пандемиядан кейінгі сауда және экономикалық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жобалардың тұсаукесері болады. Сондай-ақ экономикалық жаңа жобалар да таныстырылады.