Bugin
Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбаев мемлекеттік тілді дамытудың бірден-бір жолын атады. Бұл туралы депутат Есен Елеукеннің ютуб-арнасындағы «Yesti Podcast» жобасында айтты.
- Барлық берілетін білім бір бағытта жүруі керек. Мемлекет тарапынан қаржы бөлінетін барлық балабақшадан бастап ЖОО-ға дейін түгел қазақ тілінде білім беруі қажет... Мысалы, басқа тілде оқы дес, ол да оқытылсын. Қазір бес түрлі мектеп бар: қазақ мектебі, орыс мектебі, аралас мектеп, жеке мектептер, авторлық мектептер. Солардың бәрінде бірдей бағдарлама, бірдей оқулықтар болатын болса біздің халқымыз бір бағытта жүреді. Сол кезде ғана халқымыз бір бағытты жүріп, ұлттық бірегейлігім қалыптастар еді, - деді Дархан Мыңбай.