Bugin
Нұр-Сұлтан қаласында «Ашық» қосымшасында «көк» статусы барлар енді сауда орталықтарына кіргізілмейді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты.
Құжатта сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болған жағдайда (вакцинация, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) жұмыс істей алатыны айтылады.
Алайда олар штаттық жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауы тиіс.
Қаулы 15 қарашадан бастап күшіне енеді.