Қоғам

«Нұр Астана» мешітінің атауы өзгеріп, әл-Фараби есімімен аталады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордадағы «Нұр Астана» мешітінің атауы өзгеріп, әл-Фараби есімімен аталады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Төралқа мәжілісінде елордадағы «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінің ұсынысы талқыланып, ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде 15 жылдық тарихы бар мешіт ендігі таңда ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталмақ» - делінген мәлімдемеде.