COVID-19

Елімізде вакцина салдырғаннан кейін қанша адам қайтыс болды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ДСМ өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қанша адам мерт болғанын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Биыл ақпан-қазан айлары аралығында вакцина салдырғандар арасында 930 өлім жағдайы тіркелді. Ал вакцина салдырмағандар ішінде 13 165 адам қайтыс болды. Яғни вакцина салдырмағандар ішінде қайтыс болғандар саны әлдеқайда көбін көріп отырсыздар. Әр вакцина туралы айтар болсақ:, 47 азамат - Coronavac, 681 адам – «Спутник V», 75 адам - HayatVax, 2 адам - Vero Cell, 33 адам - Vero Cell (Sinopharm) және 36 адам - Sinopharm SARS-CoV-2 вакцинасын салдырғаннан кейін қайтыс болған. Мұндай жағдай өзге елдерде де байқалады», - деді Алексей Цой.