Спорт
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Франциямен болған матчтан кейін баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Aladop.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қарсылас команданы жеңіспен құттықтаймыз. Финляндия Боснияны жеңіп кетті де, Францияның келесі ойыны қатты қиындап кетті. Сондықтан да, бізге қарсы матчта олар қолынан келгеннің бәрін жасады. Көп жағдайда қазақстандық футболшылар қобалжып, аяқтағы добынан айырылып жатты. Біз бұл мәселемен жұмыс істеуіміз керек. Маған бұл ойын ауыр тиді. Әлбетте, ірі есеппен жеңілген ешкімге де ұнамайды. Біз өзіміздің стандартты жағдайымызды толық іске асыра алмадық. Футболшылар жаттығуда істеп жүрген шаруаларын алаңда іске асыра алмады», - деді бас бапкер.