Bugin

“Тәуелсіздік тұғырым” туры жалғасты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған “Тәуелсіздік тұғырым” атты турымыз одан әрі өз жалғасын табуда.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Турдың келесі кезекті қатысушылары - М. Жұмабаев атындағы №39 мектептің 6-сынып оқушылары. 

Турдың маршруты бойынша оқушылар музей экспозициясымен таныса отырып, тарихтан сыр шертетін “Зұлмат” фильмін тамашалап, саяси қуғын-сүргін құрбандары опат болған «Қасірет” мемориалының ашылу тарихы жайлы ақпарат алды. Сонымен қатар, оқушыларға қаламыздың ең биік солтүстік нүктесінде орналасқан Бәйдібек би ескерткішінің құрылысы мен сипаттамасы жайлы мағлұмат берілді. Турдың соңғы маршрутының Тәуелсіздік саябағында аяқталуы бекер емес. Себебі Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.

Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады.