Спорт
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстан футбол федерациясы мемлекеттік қаржыландырудан бас тартты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біріншіден, Франциямен ойындағы сәтсіздік үшін отандық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біз әрбір жеңілісті ауыр қабылдаймыз. Тағы бір айтарым, негізгі құрамдағы ойыншылардың көпшілігі жарақатына байланысты Парижде ойнай алмады. Бүгінгі таңда бізде ұлттық құраманың резерві жоқ екенін айта кеткен жөн. Команда көшбасшыларын ауыстырған ойыншылар халықаралық деңгейде ойнауға әлі дайын емес.
Келесі жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік құрылымдар тарапынан жасалатын қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Ұйым УЕФА-дан түскен қаражат есебінен, сондай-ақ демеушілерден ақша тарту арқылы қаржыландырылады» - деді федерацияның бас хатшысы Азамат Айтхожин.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61