Қоғам

Қазақстандық студенттердің шәкіртақысы тағы өседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алдағы үш жылда студенттердың шәкіртақысы тағы екі есеге өседі. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында мәлімдеді.

«Студенттердің шәкіртақысы 2025 жылға қарай ол тағы екі есе, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе артады», - деді министр.

Қазір бакалавр студенттері 31 423 теңге стипендия алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге 50 400 теңге төленеді. Болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы да екі есеге – 26 186 теңгеден 50 400 теңгеге дейін ұлғайды. Магистранттардың стипендиясы – 76 950 теңге, докторанттар – 172 500 теңге алады.