Қоғам
Мемлекет басшысының қатысуымен Каспий Құбыр Концорциумы қатысушыларының Акционерлер келісімшартына қол қойылуының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара басталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы KazInform сайтына сілтеме жасап.
«Баршаңызды Каспий Құбыр желісі Концорциумының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймын. Мұнай-газ секторы - Қазақстанның экономикасын өркендетуге жол ашқан басты саланың бірі. Бұл саланы дамыту үшін шетелден ауқымды инвестиция тартылып, озық технология енгізілді. Біздің еліміз әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы елдер қатарында. Қазір жылына 90 млн тоннаға дейін мұнай өндіреміз», - деп атап өтті Тоқаев шараның ашылуында.