Білім және ғылым

Білім министрі: «Қашықтан оқу – пандемия біткеннен кейін де жалғасады»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқу пандемия біткеннен кейін де жалғасатынын мәлімдеді, - деп жазады Bugin.kz порталы KazInform сайтына сілтеме жасап.

«Пандемия кезінде қашықтан оқыту қажеттілігі пайда болды. Бұл енді пандемия біткеннен кейін де жалғасатын тренд екені анық. Сондықтан жоғары оқу орындарында цифрлық экожүйе қалыптастыру, LMS платформалар, виртуалды зертханалар, прокторинг жүйелері кеңінен енгізілуде. Сапаны қамтамасыз ету үшін білім, медицина, авиациялық, құрылыс, өнер, әскери іс сияқты бағыттар үшін қашықтан сабақтардың тек 20% беру рұқсат ету туралы шектеу қойылды.Сапаны көтерудің тағы бір тетігі бәсекелестікті арттыру болып табылады» - деді министр.