Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстан 20 жылдан бері экспортқа 750 млн тоннадан астам мұнай шығарған. Бұл туралы мемлекет басшысы Каспий құбыры консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты.
«Каспий құбыры консорциумы – барлық акционердің жүйелі әрі тиімді жұмысының үлгісі. 2001 жылдан бері КҚК-нің мұнай құбыры арқылы әлемдік нарықтарға 750 миллион тоннадан астам Қазақстан мұнайы экспортталды. Оның өткізу қабілеті шамамен 2,5 есе артып, жылына 67 миллион тоннаға дейін жетті» - деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, 2023 жылға қарай бұл көрсеткішті 80 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61