Спорт

Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсудан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Мөлдір Мекенбаева бірінші орынды қанжығасына байлады, - деп хабарлайды Bugin.kz.

Қазақстандық қыз 52 келіге дейінгі салмақта топ жарып, үздік атанды. Осылайша Мөлдір екі дүркін әлем чемпионы болды.

Естеріңізге сала кетейік, Мекенбаева джиу-джитсудан қара белбеу алған қазақстандық бірінші қыз.