Bugin

Димаш Құдайберген Billboard чартында үздік төрттікке көтерілді (фото)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Димаш Құдайберген Billboard "Hot Trending Songs" чартында төртінші орынға көтерілді. Ол танымал тай әншісі Lisa-ны тізім бойынша артқа қалдырды. Сарапшылар алдағы уақытта Димаш үздік үштікке кіреді деп үміттенуде. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қазіргі таңда музыкалық хит-шеруді Butter атты композициямен корейлік BTS тобы бастап тұр. Одан кейін Spaceman әнімен 30 жастағы тай әншісі Mew Suppasit (1, 241,174 дауыс) және Favorite туындысымен NCT 127 (1, 160,625) бойзбенді жайғасқан. Төртінші болып Fly away әнімен Димаш Құдайберген тұр.

Айта кету керек, осыдан екі апта бұрын отандасымыз чарттың 19-сатысында тұрған болатын. 15 күннің ішінде Димаш бірден көшбасшылар қатарына енген.