Қоғам
Қала тұрғындарына интернет желісін қолжетімді ету жергілікті әкімдіктердің басты міндеттердің бірі. Қалалық цифрландыру басқармасының дерегінше, осы мақсатта 2020 жылы қаладағы 10 қоғамдық орынға 30 «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешені орнатылды.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Атап айтқанда, Орталық саябақта – 3, Тәуелсіздік саябағы -6, Металлургтер саябағы – 3, Қошқар ата – 2, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Абай саябағы – 6, «Ескі қала» Цитадель аумағында – 4.
Қазір 9 айдың есебі бойынша, «Ақылды күнбағыс» кешенін қолданылған қала тұрғындарының саны 250 мыңға жетті. Сонымен қатар, бұл көрсеткішті жоғарылату мақсатында ағымдағы жылы қосымша 10 қоғамдық орындарға 30 «Wi-fi aimaq» модемдері орнатылып, іске қосылды.
Олар, Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Нұрсат аллеясы (Назарбекова-Бәйдібек би көшелер қиылысы) – 2, Фонтан «Тюльпан» - 2, Арбат – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллеясы – 2, Наурыз алаңы – 4, Шәмші аллеясы – 2, Дендросаябақ – 6, Қазына саябағы маңында.
Қазіргі таңда, «Wi-fi aimaq» модемдерін тұрақты қолданушылар саны 9000-ға жуықтады. Алдағы уақытта, қала аумағындағы қоғамдық орындарды 100% тегін Wi-fi желісімен қамту мақсатында 4 аудан әкімдігімен талдау жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы қала аумағындағы қоғамдық орындардың барлығын дерлік тегін WI-FI желісімен қамту жұмыстары жоспарлануда. Тиісті жұмыстар іске асырылса қала аумағындағы қоғамдық орындар жоғарғы жылдамдықты интернет желісімен қамтылатын болады.