Қоғам

Қарағандыда 20 жыл құлдықта болған ер адамның бейнежазбасы тарады (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде 20 жыл құлдықта болған ер адамның бейнежазбасы тарады.

Бейнежазбада ер адам өзін Алексей Александрович Котов деп таныстырып, анасы мен әкесінен көмек сұрайды.

«Ана, әке, 20 жыл тұтқында болдым. Қолыңнан келсе Қазақстаннан шығуға көмектес. Қарағанды ​​облысы, Ақжал ауылы, Мұхтар қыстауы. Әке, қолыңнан келсе көмектес» – дейді ер адам.

Аталмыш оқиға бойынша тергеу жұмысы басталып, күдіктілер қамауға алынды. 

«Қарағанды ​​облысы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамның өзін Қарағанды ​​облысындағы қыстаулардың бірінде заңсыз ұстағанын хабарлаған видеоны анықтады. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Шет ауданының полицейлері 44 жастағы ер адамды – Ресей Федерациясының азаматын анықтады. 20 жыл бойы оны 44 жастағы жергілікті тұрғын заңсыз қанап, мәжбүрлі еңбекке пайдаланғанын анықтады, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», – деді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Әбіл Әбілдин.