Білім және ғылым

Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңгеден алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Үздік ғылыми қызметкер» байқауы шеңберінде қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңгеден алады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Білім министрлігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңгеден алады. Ақшалай сыйақылар «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық байқауының қорытындысы бойынша берілетін болады. Бұл ғалымдарды қолдауға бағытталған алғашқы ауқымды сыйақы. Өтінімдерді қабылдау 15 қараша басталды.

Конкурстың мақсаты – отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу болып табылады.

- Қазіргі таңда отандық ғылым саласында дамудың жаңа сапалы кезеңі байқалады. Ғалымдарымыздың әзірлемелері әлемдік нарыққа шығуда. Жақында ғана біз 14 қазақстандық ғылыми әзірлеменің Қытай, Ресей, Түркия, Грузия, Чехия және Қырғызстанға экспортқа шығарылатыны туралы мәлімдеген едік. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлерін жан-жақты қолдау мәселелеріне назар аударады. Қазақстандық ғалымдарды ынталандыру және ғылыми қызметтің беделін арттыру бойынша шаралар әзірленіп, іске асырылып жатыр. Биыл министрлік алғаш рет еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйақы беретін болады. Олардың әрқайсысы шамамен 6 миллион теңгеден алатын болады. Ғылыми жетістіктерді бағалау бойынша барлық критерий ғылыми және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, әзірленді. Байқау комиссиясының құрамына еліміздің түрлі бағытта қызмет ететін жетекші ғалымдары мен ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді, – деді ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер министрліктің https://universitycontest.iac.kz/bestresearcher/ ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта 15 желтоқсанға дейін қабылданады.