Қоғам

«Нұр-Астана» мешітінің атауы өзгеріп, «Әбу Насыр әл-Фараби» болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордадағы Нұр-Астана мешіті енді ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызметкерлер мешіт атауының тақтайшаларын ауыстырып жатыр.

Төралқа мәжілісінде елордадағы «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту жөніндегі Ғұламалар кеңесінің ұсынысы талқыланып, ҚМДБ бөлім басшылары, облыс имамдары мен Орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде 15 жылдық тарихы бар мешіт ендігі таңда ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталды.