Білім және ғылым

Тіл - Тәуелсіздік тірегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханасында қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы арнайы тіл үйрену бұрышын ашты.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Тіл үйренемін деген кез келген азаматқа әдістемелік көмек қолын созу, тіл үйренуге мүмкіндік жасау мақсатында ашылған бұрыш қала әкімінің бекіткен  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына отыз іс-шара аясында жүзеге асып отыр. Алдағы уақытта осындай бұрыштар ашу тағы екі кітапханада  жоспарлануда.