Қоғам

Қуаңшылықтан зардап шеккен кәсіпкерлер несиені кейін төлей алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл қуаңшылықтан зардап шеккен малшылар үшін несиені төлеу мерзімі кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Bugin.kz.

«Қолайсыз климаттық жағдайлар (малдың қырылуы, құрғақшылық, азық базасымен қамтамасыз етілу проблемалары) салдарынан зардап шеккен агроөнеркісіп кешенінің субъектілерін қолдау жұмыстары қолға алынып жатыр. Оның шеңберінде АӨК саласындағы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниялары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мәселелерін қаралуда», - деді депуаттық сауалға жауап берген үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр.