COVID-19
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) арнайы өкілі Дэвид Набарро коронавирус кедей елдер үшін пандемияға айналды деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Guardian газетінің мәліметінше, пандемиядан құтылу үшін мүмкіндігінше көп тұрғындарды вакцинациялауға тырысатын елдердің үкіметтері үлкен тәуекелге барып жатыр.
«Қазіргі уақытта коронавирус – кедей адамдар мен кедей елдердің ауруы. Мұндағы бірінші мәселе, жаңа штаммдардың пайда болуы, екіншісі, адамдардың бетперде кию және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты шараларға мойынсұнғысы келмеуі», - деді Дэвид Набарро