МӘДЕНИЕТ

«Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттегі жастар ресурстық орталығында «Волонтер» толықметражды кинофильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті.  Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  режиссер Серік Таласовтың жаңа туындысы көрерменге ұсынылды.

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, фильмнің режиссері Серік Таласов және актерлік құрам, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының волонтерлік топтарының белсенді жастары қатысты.

Фильмде екі достың оқиғасы арқылы еріктілердің жұмысы суреттеледі. Жастардың патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында түсірілген фильм режиссердің 50 туындысы. 

Кино көрсетілім соңында Шыңғыс Жұмабекұлы мен Бахадыр Нарымбетов сөз алып, режиссердің  туындысына бағасын берді. 

Бұл мен көрген сәтті шыққан фильмдердің бірі дер едім.  Киноматографиясына тоқталсақ, барлық жанр қамтылған. Серіктің талантты киногер екенін халық жақсы біледі. Жаңа туындысы қоғамдағы көптеген өзекті мәселелерді қозғайды. Актерлер де өздеріне қойылған миссиясын жақсы алып шыққан. Әрқайсысының кәсіби маман екенін сомдаған рөлдерінен көруге болады. Мұндай фильмдерді үлкен экрандарға шығаруға өзім де атсалысамын. Алдағы уақытта кинотеатрларда фильмді көпшілікке тамашалауға мүмкіндік жасаймыз, - деді Шыңғыс Мұқан.