Қоғам

Энергетика министрі: «Жанар-жағармай бағасы реттелмейді»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жанар-жағармай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірген энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев бензин мен дизель отынының бағасы реттелмейтінін айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жанар-жағармай бағасы реттелмейді. Реттеу мүмкін емес. Биыл дизель отыны тапшы. Оның бір себебі – көрші елдермен салыстырғанда бағадағы айырмашылық. Баға бойынша қазір жүйелі өзгерістерді әзірлеп жатырмыз және ең маңыздысы мынада:

  • біріншіден, қазір үш мұнай өңдеу зауытында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың шарттарын анықтау керек;

  • екіншіден, материалдық-техникалық резерв базаны қалыптастыру;

  • үшіншіден, жанар-жағармайды бақылау, әрбір мұнай базасында тиісті құрал-жабдықтармен жарақтандыру қажет», – деді сенаторлар сауалдарына жауап берген энергетика министрі.