Қоғам
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлерде көмірдің тоннасы 5200-5700 теңгеден сатылатынын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Сенат отырысында министр Атамқұлов көмір бағасының өсуін тежеу шаралары жүргізіліп жатқанын нақтылады.
«Ірі тауар өндірушілер олармен меморандум жасады. Біз Қаражыра, Богатырь, Шұбаркөл кен орындарымен нақты бағаны келістік. Бағасы 5200 теңгеден бастап, ең қымбаты – тоннасына 5700 теңге болады» - деп уәде берді министр.
Министрдің айтуынша, ағымдағы жылыту маусымында өңірлердің көмірге деген сұранысы 9,3 млн тоннаны құраған.