COVID-19

Сүйінші! Билл Гейтс пандемияның қашан аяқталатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс пандемия 2022 жылдың ортасына қарай аяқталатынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Tass.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Билл Гейтс қауіпті штаммдар пайда болмаса, пандемия жақын уақытта аяқталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, вакцинация - табиғи иммунитетті дамытады, сондай-ақ жаңа препараттарды ойлап табу COVID-19-дан пайда болатын аурушаңдық пен өлім көрсеткішін төмендетуге көмектеседі. 

Бұл аса қауіпті мутациялар пайда болмаса, «маусымдық тұмау деректеріне» мүмкіндік береді. Сондай-ақ, вакцинамен қамтамасыз ету мәселесі келесі жылы шешіледі деп үміттенеді. Гейтс әлемді жаңа пандемияның пайда болуына жол бермеу үшін тұмаудың таралуымен белсенді күресуге шақырды.