Bugin
Қазақстандық спорт әлемінде тағы бір келеңсіздік орын алды. Жеңіл салмақтағы WBC, WBA, WBO, IBF және The Ring титулдары үшін жұдырықтасуға дайындалып жатқан үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипова Instagram парақшасында мәлімдеме жасады. Ол шайқасқа дайындалуға бөлінген ақшаның қолына тимегенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
- Мен 11 желтоқсанда Ливерпульде Кэти Тейлормен WBC, WBA, WBO, IBF және The Ring титулдары үшін кездесемін! Ұзақ уақыт бойы командаммен осы бағытта жүріп келеміз, келіссөздер жүргіздік. Көбісі бізге сенбеді, біз туралы өтірік айтып, жала жапты, ал кейбір қазақстандық шенеуніктердің дөңгелегімізге қандай шыбық салғанын елестете де алмайсың. Оларға бізге көмектесу туралы нұсқау берілді, бірақ олар керісінше жасады. Жыл басында бұл шайқасқа дайындалуға ақша бөлінді, бірақ олар маған жеткен жоқ. Мәліметтерді сәл кейінірек ашамын, - деді Шәріпова.
Ол абсолютті әлем чемпионы атанып, Қазақстанның туын биікке көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын баса айтты.
- Қазақстан мен Орталық Азияның бірде-бір кәсіпқой боксшысы бес ірі титул үшін боксқа шыққан жоқ. Ба р-жоғы бір айдың ішінде мен өмірлік арманымды орындап, Қазақстанның туын биікке көтеремін, - деп бөлісті спортшы.
Қазақстандық жекпе-жек 11 желтоқсанда Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы M&S Bank Arena аренасында өтеді.