Bugin

Әлем чемпионатында жеңіске жеткен екі боксшыға 70 мың доллардан берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан бокс федерациясы Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Теміртас Жүсіпов 70 мың доллардан, күміс жүлдегерлер Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановқа 50 мың доллардан, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповке 30 мың доллардан табыс етілді.

Ақшалай сыйлықтар чемпионаттың басқа қатысушыларына – жаттықтырушылар мен дәрігерлерге бұйырды.

- Бәріміз тек бірінші орын үшін бардық. Біз өте жақсы қалыпта болдық. Менің ойымша, біздің жігіттер бәрін жеңді, - деді боксшы Теміртас Жүсіпов.

Естеріңізге сала кетейік, Сербия астанасында Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс, бір қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, Қазақстан командалық есепте екінші орын алды.

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беруді тапсырғаны хабарланған болатын.