Bugin

Балалар фольклоры - тәрбие негізі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Шымкент қаласындағы  Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында «Балалар фольклоры – тәрбие негізі» атты іс-шара өтті.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында өткен тәрбие сағаты отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтың негізгі өзегі баланың санасын ояту, бала – бақша және мектеп оқушыларына ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Танымдық кешке қаладағы №58, №50, №83, №15, №38, №135 жалпы орта мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында балалар сәбилік салт – жырлары қуырмаш, санамақ, тұсау кесу, тәй – тәй, тәмсілдер, нақыл, өсиет және қанатты сөздер, мақал – мәтел, жұмбақ, жаңылытпаштар айтып жарысты. Ұйымдастырушы, дәстүр танушылар бұл ойындар балалардың абстаркциялық ойлау жүйесін байыту, сонымен қоса түсті (ақ, қара) жақсы ажыратуды меңгерту, бояулар үндестігін, құрақша құрастыру, ағаш конструкцияны түсіне қарап құрастыру, талғамын ерте қалыптастыруда маңызы зор деп есептейді.

Ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын, өмір салтымызды заманға сай одан әрі насихаттау, байыту, оны бүгінгі жастардың санасына қалыптастыру қажет. Орталық директоры м.а. Райхан Сапарқызы игі шараның маңыздылығына тоқталып, үлес қосқан мектептерге арнайы алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.