Қоғам
Шымкентте осы жылдың 3 қарашасында қалалық инфекциялық орталығына 41 жастағы тұрғын Жібек Батырова ауыр жағдайда түскен болатын. Дәрігерлер науқасты бірден жансақтау бөліміне жатқызып, тексеру жұмыстарын жүргізген.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Компютерлік томография науқас өкпесінің 80-% зақымдалғанын көрсеткен. Бұған қоса науқаста ІІ-дәрежелі тыныс жетіспеушілігі болыпты.
Инфекциялық ауруханаға жеткізілгенге 6 күн сырқаттанған. Үш күн «Мейірім» клиникасында ем алып, денсаулығының дұрысталмауына байланысты Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы ауыстырылған.
«Науқастың түскен кездегі жағдайы өте ауыр болды. Өкпесінің 80-пайызы зақымдалған. Онымен қоса тыныс алу жетіспеушілігі де болды. Ауырғанына 1-аптадай болған. Оның соңғы 3-күнінде Мейірім клиникасында ем алған. Науқасты бірнеше дәрігер болып қарадық. Емдеу хаттамасы бойынша толық ем алды. Соның арқасында жағдайы дұрысталып, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ» –дейді жұқпалы аурулар орталығының жауапты дәрігері Бекен Сырбекұлы.
Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Денсаулығы жақсарған науқасты дәрігерлер үйіне бүгін үйіне шығарды.