Денсаулық
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Денсаулығымызды сақтаудың ең басты шарты – дұрыс тамақтану. Алайда, күнделікті өмірде жеген асымызға мән беріп жүрміз бе?
Дұрыс тамақтанудың да өзіндік белгілі бір ережелері бар:
1) Ас құрамында көмірсу, май, ақуыз, минералды заттар мен дәрумендер болуы тиіс;
2) Тәулік ішінде үнемі бір уақытта тамақтану (тамақты уақытында, жүйелі түрде жемеу, ас қорыту жүйесіне өз зардабын тигізеді);
3) Адам күніне 5 рет, яғни, жиі тамақтануы керек. Әрине, жеткілікті мөлшерде. Күніне 5 рет белгілі бір уақытта тасақтанған адам артық ас жемейді;
4) Құрғақ тамақтан бас тарту қажет. Балық, ет сорпасына дайындалған тағамдар асқазан сөлі бөлінуін жақсартуға көмектеседі;
5) Аптасына бір күн тамақ жеуден бас тартып, асқазаныңызға демалыс жариялаңыз. Апта сайын жасауға мүмкіндігіңіз болмаса, айына бір рет жасаңыз. Бұл ағзаңызды тазартудың ең оңай жолы;
6) Тек ашыққанда ғана тамақтанған дұрыс. Бұл әдіс салмағыңызды өз қалпында сақтауыңызға септігін тигізеді.
Қазақта «Ауру – астан» деген сөз бар. Күнделікті дұрыс тамақтанбаудың салдары дертке әкеліп соғары сөзсіз. Қолда бар алтынымыздың қадірін біліп, денсаулығымызды қадағалайтын болсақ, ұзақ өмір сүруіміздің кепілі осы.
Әлем бойынша дұрыс тамақтанудан Нидерланды, Чад, Гана, Сенегал, Израиль сияқты елдер көш бастап тұр. Ал Қазақстан керісінше, пайдалы тағамды аз тұтынатын мемлекеттер қатарынан екен.
Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» - деген екен А.Шопенгауер. Ендеше сол үшін, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтана білгеніміз абзал.