Bugin
Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің азаматтары тек өз елінде ғана емес, одаққа мүше басқа мемлекеттердің банктерінен де несие ала алады. Бұл туралы Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- Қаржы нарықтарын жақындастыру бойынша шешуші қадамдар жасалуда. Бүгінде несиелік тарихқа енетін ақпарат алмасу тәртібі туралы келісімдерге қол қойылуда. "Бестік" азаматтары Одақ көлемінде несие рәсімдеу кезінде тең мүмкіндіктерге ие бола алады. Оның қандай төлқұжаты бар екенін және тәуекелдерді сараптап, оған несие беру туралы шешімдерді қабылдаймыз, - деді Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында.
Еске салайық, ЕАЭО-ның «бестігіне» Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан кіреді.