Қоғам

Бір спектакль үшін неге 246 миллион теңге жұмсалды? – әкім жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Бөрте» қойылымын сахналауға неге 246 миллион теңге жұмсалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ОҚК брифингінде журналист облыс әкімінен «Сіз Түркістан музыкалық драма театрындағы Бөрте театрының бір қойылымы үшін 246 миллион теңге жұмсау тым қымбат деп ойламайсыз ба?» деп сұрады.

Шөкеев олай ойламайтынын айтты.

«Олай ойламаймын. Сметаны түгелдей тексердік, ол жерде артық ештеңе қарастырылмаған. Бұл мүлдем жаңа театр екенін ескерсек, декорациялар, костюмдер, авторлар мен режиссерлердің қаламақысы, актерлердің жалақысы – бәрі орынды. Тексеру көрсетті. Жалпы, керісінше, Түркістанға келген осы театр ұжымына алғысымыз шексіз. Олардың барлығы астанада, соның ішінде шетелде жұмыс істеген. Ал алғашқы қойылым осындай жоғары деңгейде қойылды. Бүгінде бұл театрды, Бөрте спектаклін қаламыздың көрнекті орны деп атауға болады. Бұл театрды көруге Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да қалалардан адамдар арнайы келеді», - деді Шөкеев.