Bugin

2022 жыл Ахмет Байтұрсынұлы жылы деп жарияланбақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2022 жыл Ахмет Байтұрсынұлы жылы деп жариялануы мүмкін. Бұл туралы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференцияда Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев хабарлады.

Оның айтуынша, ұлы тұлғаларымызды ұлықтау ісі жүйелі түрде жүргізілуде.

- Өткен жылдары Әл-Фараби мен Абай жылы аталып өтсе, биыл Жамбыл жылы тойлануда. Келесі жылды Ахмет Байтұрсынұлына арнау көзделіп отыр. Яғни ұлы тұлғаларымызды ұлықтау ісі жүйелі түрде жүргізілуде, - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Сондай-ақ ол елдік мүдде жолында тізе қосып қимылдау баршамыздың қасиетті парызымыз екендігін алға тартты.

- Біздің мақсат – азаттықты ардақтап, Отанымызды одан әрі нығайтып, келер буынға табыстау. Өскелең ұрпақ бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, - деді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.