Спорт

Белгілі қазақстандық дзюдошылар спорттағы мансаптарын аяқтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Жұмақанов пен Галбадрах Отгонцэцэг  спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы Оралда өтіп жатқан ел чемпионатында белгілі болды деп хабарлайды Bugin.kz порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Елдос Жұмақанов ұзақ жылдар бойы Қазақстан командасының намысын абыроймен қорғады. 

66 келі салмақта сынға түскен ол спортқа бес жасында қадам басқан. Осы жылдар аралығында Елдос Жұмақанов әскерилер арасындағы әлем чемпионы, Гран-при турнирінің жеңімпазы (2013), аталған турнирдің күміс және қола жүлдегері (2016, 2019) атанды. 

Сонымен қатар, Елдос Жұмақанов 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен Азия ойындарының қола жүлдегері атанған. 

Галбадрах Отгонцэцэгтің спорттық ғұмырындағы ең ірі жеңіс – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдесі. 48 келіде ел намысын қорғаған Галбадрах екі мәрте (2017, 2018) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Сондай-ақ, Азия ойындары (2018) мен Универсиадада (2017) үздік үштікке еніп, 2018 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарған.