Спорт

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс чемпионын нокаутпен жеңді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта салмақтағы қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті.

Vesti.kz мәліметінше, Жәнібектің қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-6, 21 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас сегізіншісінде аяқталды. Алдымен Жәнібек үшінші раундта франциялықты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақ боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Бұл кездесуде орта салмақта екінші дәрежелі WBO Global титулы сарапқа салынды.