Қоғам
Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, небәрі 16 жасында қыршынынан қиылған қазақтың батыр қызы Сәбира Мұхамеджанова 35 жылдан соң жазықсыз деп танылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облыстық «JELTOQSAN-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазановтың сөзінше, қаһарман қыз Сәбира Мұхамеджанованың ақталғаны туралы ресми құжат келді.
Сондай-ақ Сәбира Мұхамеджановамен бір топта оқыған 28 қыз бен курстас 8 жігіт те ақталып отыр.