Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда келіншек үш бірдей кішкентай баласымен 9-қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек Жетісу ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болғанын растады. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласымен 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы Полиция департаментінде жедел тергеу тобы құрылды.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61