Әлем

Әйелдер қатысатын телехикаяларды көрсетуге тыйым салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талибандар әйелдер қатысқан телебағдарламаларды көрсетуге тыйым салды. Бұл туралы Bugin.kz порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«РИА Новостидің» жазуынша, осы жылдың тамыз айында ел билігіне келген «Талибан» қозғалысы елдегі бірқатар телебағдарламаға, соның ішінде әйелдер қатысатын  телеөнімдерді көрсетуге тыйым салды.

«Әйелдер қатысатын телехикаяларды көрсетуге тыйым салынады. Сондай-ақ ерлер немесе әйелдер жартылай жалаңаш кейіпте көрінетін фильмдер мен клиптерді көрсетуге тыйым салынады», – делінген елдің ақпарат саласына жауапты министрлігі таратқан хабарламада.