Әлем

Apple компаниясы iPhone 12 смартфондарында ақау барын мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біріккен Араб Әмірліктерінде сатылған iPhone 12 және iPhone 12 Pro смартфондарының дыбыс шығару жүйесінде ақау болған. Ақауы бар қанша iPhone сатылғаны белгісіз, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтын сілтеме жасап.

AppleInsider мәліметінше, мұндай мәселе тек iPhone 12 және iPhone 12 Pro-да кездеседі.

«Apple iPhone 12 және iPhone 12 Pro құрылғылары қабылдағыш модуліндегі істен шығуы мүмкін құрамдас бөлікке байланысты дыбыста ақау болуы мүмкін екенін анықтады. Мұндай құрылғылар 2020 жылдың қазаны мен 2021 жылдың сәуірі аралығында жасалған», - делінген Apple компаниясының Khaleej Times хабарламасында.