МӘДЕНИЕТ

Ақын мектеп оқушыларымен кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №135 жалпы орта білім беретін мектепте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай  ауқымды іс-шара өткізілді.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Мектеп оқушылары  суырып салма ақын, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегері,  "Қаратау" дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуовпен кездесті. 

Сырлы сұхбаттасу кеш барысында мұғалімдермен, оқушылармен әсерлі әңгіме жүргізген ақынға болашағынан зор үміт күттіретін жас ақын балалар көкейінде жүрген  сұрақтарын  қойып, жауап алды. Ақын жырларымен,  кітаптарымен жақынырақ танысты. Мектептің белсенді оқушылары ән-жырдан шашу шашты. Біржан Байтуов өз кезегінде қолына домбырасын алып, ыстық ықылас ретінде арнау айтты.