Bugin

Данияр Елеусіновтің кезекті қарсыласы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Отандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің кезекті қарсыласы анықталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Елордада өтетін бокс кешінде Елеусіновтің қарсыласы 33 жастағы мексикалық Данте Хардон болмақ. Ол жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental белбеуінің иегері.

Отандасымыз бен мексикалық спортшының жекпе-жегінде аталған ұйымның титулы сарапқа салынбақ. Данте Хардон кәсіпқой бокста 34 рет жеңіске жеткен (оның 25-і нокаутпен) және 7 мәрте жеңіліс тапқан.

Ал отандасымыз Данияр Елеусінов 10 мәрте жеңіске жеткен, оның алтауында қарсыласын нокаутпен жеңген.