Қоғам

Жамбыл облысында офицер өз-өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Baribar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«22 қараша күні Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды» - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Туыстарының өтінішіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

«Мен көп ауырғанмын. Өкпем ауырған, қолым сынған, ит қапқан. Бәрінен кешірім сұраймын! Ешкімге масыл болғым келмейді. Ешкімнің мен үшін қиналғанын қаламаймын. Ешкімге өкпем жоқ, ешкімді кінәламаймын» - делінген хатта.