Қоғам
Ресей еліне қарасты Сортавала қаласында орын алған көлік апатының соңы сенсациялық оқиғаға әкелді. Себебі, апатқа ұшыраған көліктің жүк салғышынан адамның мәйіті табылған. Көлік иесі, күдікті адам каннибализмін мойындайды, бірақ ол бұл әрекеті үшін өкінбейтіндігін жеткізді. Бұл туралы Bugin.kz порталы 47news.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
21 қарашада Сортавалада орын алған жол апатында жүксалғыштан табылған мәйіттің басы кесілген. Оқиғадан кейін қашып кеткен үш күдікті ұсталды. Қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел қызметкерлері мен қылмыскерлер арасында әңгіме өрбіді. Қылмыскердің есімі Егор Комаров және оның достары. Олар Санкт-Петербург тұрғынын өлтірген.
- Жалпы, мен адам өлтіргенді ұнатамын. Айтпақшы, мен Сосновкадағыны бекер өлтірдім. Дәмсіз болып шықты - деді қылмыскер Егор Комаров.
Өткен жылдың 27 қыркүйегінде Санкт-Петербургтің Выборг ауданындағы Сосновка саябағында дренаждық құбырдан 38 жастағы биржалық брокердің мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінен іші, мойын және қолдарынан бірнеше пышақ жарақаттары табылған. Қылмыстық іс күдіктінің табылмауына байланысты тоқтатылған болатын.
- ...Мен көптен бері адамның дәмін тату үшін адам өлтіруді ойлап жүрдім. Бірақ мұны істеуге батылым бармадым. Өйткені бұл қорқынышты көрінді. Нақты есімде жоқ, бірақ өткен жылдың қыркүйек айының соңында мен бір шешімге келдім. Пышақ, рюкзак алып, Сосновка саябағына аңға шықтым. Себебі, онда бейнекамералар жоқ, адам аз. Мен бір адамды көріп, оны таңдадым да, соңынан ердім. Мойын тұсынан пышақ сұқтым. Ол қарсылық көрсете бастағанда мойнынан тағы он шақты рет ұрдым. Ол қайтыс болған кезде мойнын жұлып алып қан мен еттің дәмін таттым. Сосын Богатырский даңғылындағы пәтеріме келгенде мәйіттің тілін кесіп, сары май құйылған кастрюльде ұзақ уақыт пісірдім. Тіл қайнаған кезде, мен оны қолданып көрдім. Бірақ дәмі ұнамады. Маған дененің басқа бөлігі ұнаған болуы мүмкін... - деді қылмыскер.
Комаровтың Санкт-Петербургте туғаны белгілі болған. Ол ата-анасымен және әжесімен Осипенко көшесіндегі коммуналдық пәтерде тұрған. Кейіннен әкесімен Муринодағы Лаврики-Шоссе көшесіндегі бір бөлмелі пәтерге тіркелген. Соңғы мекендеу орны - Санкт-Петербургтегі Үлкен Зеленина көшесіндегі үйдің шатыры. Ол жол апаты болған жерден қашып кеткен соң сол жерге барып тқрған. Ол ешқандай жерде жұмыс істемеген.